"Ол орталық қалай жұмыс істейді? Мәселен, бүгінде қай жолдарды жөндейтінімізді күзгі тексерістерге сүйеніп анықтасақ, ендігі кезекте оны арнайы бағдарлама анықтайтын болады. Ол бағдарламаға жолдарға қатысты соңғы он жылдың барлық мәліметтері енгізіледі. Соның негізінде жөндеу жұмыстарын қажет ететін жолдар анықталады. Осыған байланысты барлық шараларды жылдың аяғына дейін аяқтау қажет. Сөйтіп, келесі жылдан бастап ұлттық орталық өз қызметіне кірісуі тиіс", - дейді Пішембаев.
Айта кетейік, бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында комитет басшысы тағы 11 жолда құрылыс жұмыстарының басталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, үш жылдан кейін ақылы жолдардан 30 млрд. теңге жиналады.