— Аталған жағдай «Жоңғар Алатауы МҰТП» РММ-нің Аттапқан шатқалында орналасқан ұзақ мерзімді серіктестік аумағы — «Табиғат ОРХ» ЖШС аумағында тіркелді. Тянь-Шань қоңыр аюы адамға сирек шабуыл жасайтын аңдардың қатарына жатады. Алдын ала мәлімет бойынша, аю аталған аумаққа тағам иісіне байланысты келген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
Ұлттық парк қызметкерлері жабайы жануарларды көрген жағдайда оларды тамақтандыруға тырыспауға шақырды. Сондай-ақ, парк аумағында тамақ қалдықтарын қалдырмау жөнінде қатаң ескерту жасады.
Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырды.
Еске сала кетейік, бұғакн дейін Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2026 жылғы ақпан айында спутниктік қарғыбау тағылған ілбісті бақылау жұмыстарын жалғастырып отырғанын жаздық. Жыртқыш өзіне тән мекен ету аумағында еркін қозғалып жүргенін байқауға болады.