Жөңкілген су Павлодар облысының Баянауыл ауданына жетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Баянауыл ауданының тұрғындары биылғы судың әдеттегіден көп екенін айтуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қардың көп түсуінен 2017 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында су деңгейі көтерілді. Тұрғындардың көпшілігі өз елді мекендерінен кетуге қорқады, себебі республикалық маңызы бар трассаларға шығар жолды су басқан.

 «Қар сулары таудан да, жазық даладан да келіп жатыр. Менің ойымша, бүгін түнде қар ери бастады, - деп пікір білдірді Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов. - Су тағы 10 күн жүреді. Негізгі тасқын жолына төсемені нығайттық және қосымша тағы үш шақырым үйінді тұрғыздық. Суды ауылдан бұрып әкету үшін трасса арқылы канал қаздық. Осылайша, суды далаға жібереміз».

Ауданның Жаңатілек, Қараащы, Теңдік және Көктомпақ ауылдары су астында қалуы мүмкін, деп хабарлады аудандық әкімдік. Олар Қарағанды облысымен шекаралас аумақта орналасқан. Үйлерді су баспау үшін құтқарушылар елді мекендерде тәулік бойы кезекшілік етуде және арнайы техника жұмыс істеуде.