ЖОО-дағы пара, сайлау, БАҚ-қа күш көрсетер шенеунік - «Nur Otan» Саяси кеңесінде не айтылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы «Назарбаев орталығында» ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-Министр Асқар Мамин, Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, Үкімет мүшелері, партияның Мәжілістегі фракциясы, облыстардағы филиалдардың жетекшілері қатысты.

Отырыс барысындапартияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы мен съездшешімдерінің орындалуы, партиялық қайта серпілтудің негізгі бағыттары жәнеСаяси кеңес бюросы құрамын өзгерту мәселесі қаралды.

Жиынға төрағалықеткен Нұрсұлтан Назарбаев партияның Тәуелсіздік жылдарында атқарған жұмыстарына оң баға беріп, оның барлығынхалық көріп отырғандығын айтты.

«Дегенмен, өмір бір орнында тұрмайды. Бәрі өзгеріскеұшырап жатыр. Бүкіл әлемде де саяси партиялар бүгінгі күні жаңа міндеттерменбетпе-бет келуде. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрақсыздықкезеңінде алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің ішіндегі, сонымен қатарқоғамдағы бірлік қажет. Онсыз үлкен міндеттерді орындау мүмкін емес. Жаңа саясижағдайда партияның рөлі айтарлықтай өсе түседі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«NurOtan-ның» халыққа уәдесі қалай орындалуда

Осыдан кейін партияның сайлауалды бағдарламасыныңжүзеге асырылу барысы жайында баяндама жасаған ҚР Үкімет басшысы Асқар МаминЕлбасы тапсырған «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларының қалай жүзегеасырылып жатқанына тоқталды.

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша, осы жылдың 1 сәуіріненбастап АӘК көлемі артты. 1 шілдеден бастап бала кезінен мүгедек балаларды бағуүшін мемлекеттік жәрдемақының көлемі ұлғайды. 1 маусымнан жалақысы аз бюджетқызметкерлерінің айлығы 30 пайызға дейін көтерілді. Ал жергілікті атқарушыоргандардағы қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға көбейді. «Нұрлы жер»бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, Тұрғын үй жинақ банкі арқылы аз қамтылғанотбасыларға жеңілдетілген несиелеу жүйесі іске қосылды. Бұл механизм осы жылдыңшілдесінде бастап іске қосылды, алдағы үш жылда бұл бағытта 50 млрд теңгеденбөлінеді», - деді Асқар Мамин.

Оның атап өтуінше, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоғары курстардағы 100 мың студент тегін түрдеЖОО-лар жанындағы кәсіпкерлік негізін оқи алады. Кәсіпкерлік бастамалардықолдау мақсатында микронесиелеу шығындары 83 млрд теңгеге дейін артты. Ал жаңабизнес идеяларды іске асыру үшін 18 мың азаматқа 18 млрд теңге көлеміндемемлекеттік грант бөлінеді. Азаматтарды жұмыспен қамту бағдарламаларына көптептарту үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 15 мобильді жұмыспен қамтуорталығы ашылған. Жыл соңына дейін ондай орталықтар тағы 15 жерде жұмысынбастайды.

«Экономикадағы еңбек күші нарығында оң динамикабайқалады. Орташа есеппен жылына елімізде 300 мың жаңа жұмыс орны ашылады. 1тамыздағы жағдай бойынша 227 мың жұмыс орны құрылды. Өткен жылдың сәйкескезеңімен салыстырғанда бұл 13 пайызға артық көрсеткіш. Осының арқасында 7айдың ішінде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға азайды», - деді ол.

Көптіңкөңілін күпті еткен сайлау

Отырыс күнтәртібіндегі партиялық қайтасерпілтудің негізгі бағыттары жайында«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек баяндамажасауы тиіс болатын.Алайда сөз тізгінін қолға алған Елбасы ең алдымен жұрттың арасында жүргенәне-міне Мәжіліс сайлауы өтеді деген жел сөзге соңғы нүкте қойып, ендігіуақытта «Сайлау туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізіммен өтетіндігін ескертті.

«Посткеңестік елдерден бастап Африкаға дейінгі елдердіқарап көріңіз. Саяси тұрақсыздық кезінде бірінші кезекте кім зардап шегеді?Экономика құлағандықтан, халықтың өмір сүру сапасы да төмендейді. Жұмыс істеугеуақыт жоқ – шулап, ортаға шығады. Демонстрация мен шерулер... Тәртіп пен билікжоқ жерде – проблема шешілмейді. Әрбір адамның қауіпсіздігі, елдің тұрақтылығыбұзылады. Өзекті мәселелермен айналысу шетте қалады. Әрқашан шулап жүретінадамдарға тағы да бір айта кетейін, барлық сайлаулар конституциялық мерзімдеөтетін болады. Осы тақырыпты жабайық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы мәслихат депутаттарының келесі сайлауы алғашрет партиялық тізім бойынша өткізілетіндігін айта келе сайлаудың мұндай пропорционалдыжүйесі үздік әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келетіндігіне, саясижүйені нығайтуға, демократияны дамытуға септігін тигізетіне, толықтай алғандасаяси партияның қызметін жандандыратындығына назар аудартты. Сонымен қатар мажоритарлық жүйесіне көшуді қолдап жүргендердің нақты ұсыныстарыжоқ екендігін атап өтті.

«Бұл жерде негізді аргументтері жоқ, әдеттегідей текәңгіме. Билікті сынап сөйлегендері бос сөз ғана. Тым болмаса біреуі қалай істеукеректігін ұсынып, қалай жасау керектігін көрсетсе ғой. Демократияның шамшырағыдеп жүрген Еуропадағы 30 дамыған елдің қатарына кіретін мемлекеттердің 63пайызы сайлауды пропорционалды жүйемен өткізеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақтауестіген әкімдер

Қазақстанның Тұңғыш Президенті сөз сөйлеуі барысындахалықты толғандыратын проблемаларды жасырмай жұртшылық алдына ашық шығып жауапберуге тайсақтайтын шенді-шекпенділердің де бар екендігіне қынжылыс танытты.

Сонымен қатар оларға елдің алдына қорықпайшығып, кез-келген проблеманы шешу жауапкершілігін мойнына алудан тайсалмауғакеңес берді.

«Меніңше, орын алып отырған проблема жайында үндемейқалу – жұмыстың ең нашар нұсқасы. Адамдардан тығылмай мән-жайды анықтап,жауапкершілікті мойынға алу керек. Бізде халыққа шығып, бұл сұрақтарға жауапберуден қорықпайтын, проблемаларды шешетін әкімдер де, министрлер де бар.Бердібек Мәшбекұлы (ҚР Үкімет басшысының орынбасары Сапарбаев), вице-премьерболып тағайындалуыңмен құттықтаймын. Баяғыдан бері осы жер сенің орның еді.Төрт облыста әкім болдың. Соның бәрін көрдің. Бастаған кезде халықтың арасындажүрдік сол уақытта. Елмен сөйлесіп жүрдік. Айтқанымызды ел түсініп жүрді», -деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Елбасы шағын проблемаларды жедел шешу қажеттігіненазар аударды.

«Адамдарды өміріндегі ең кішкентай мәселелертолғандырады. Мәселен, су жоқ. Бұл әкім үшін деңгей емес қой, иә? Суменайналысудың қажеті қанша? Ал адамдар үшін – бұл өмірінің мәні. Ауылда жол жоқ.Бұл ол үшін – өмірі, ал біздер үшін – болмашы нәрсе. Біздер жаһандықмәселелерге құлаш сермейміз. Сондықтан адамдарға жақын болу керек. Партияныңқоғамдық қабылдаулары жұмыс істеуі тиіс», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетерлігі, билік партиясының Көшбасшысы аузынанмақтау естігендердің бірі қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов болды. Елбасы «Болашақ» бағдарламасымен білім алған жастардың аудан және облысәкімдерінің орынбасары болып қызмет еткендігін, өкінішке қарай, бүгінде бұл тәжірибе тоқтап қалғанынайтты.

«Олар аудан және облыс әкімдерінің орынбасары болды.Неліктен бұл жұмыс тоқтап қалды? Міне, мәселен, біз оқуға жібергендердің бірі –Алтай Көлгінов. Кезінде біз оны арнайы оқуға жібердік, ал бүгін ол қалабасшылығында отыр. Осындай азаматтар көп. Бәрін не үшін дайындадық? Қазіротырып алып, орындықты бергіміз келмейді. Олардың жақсырақ жұмыс істейтінінкөріп отырмыз. Әйтпесе, бір жерге тоқтап, дамымай қаламыз. Сол себепті, келесіжылдың көктемінде өтетін «Jas Otan» съезінде білімді жастарды жұмылдырудыталқылауды ұсынамын», - деді партия Көшбасшысы.

«NurOtan-нанмын» деуден бұқпантайлайтын шенеунік те бар

Алқалы жиын барысында Елбасы жастарды Мәжіліс пен мәслихатқа депутаттыққа тартумәселесіне де айрықша тоқталды.

«Jas Otan» – жастарды біріктіруші орталыққа айналуықажеттігіне назар аудартты. Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті партияға мүше екендігін білдіргісі келмейтін министрлер мен әкімдердіңәрекетін сынға алды.

«Мұнан дажаманы кейбір мемлекеттік органдардың басшылары, министрлер, әкімдер өзінпартиямен бірге екендігін көрсеткісі келмейді. Партия былай, мен былай, өзімеөзім осы жерде бастықпын. «Nur Otan-ның» барлық мүшесі жария түрде партияғақатысы бар екендігін паш етуі тиіс. Партия төсбелгісін бүгінгі отырысқа ғанатағып келмеу қажет. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің тәжірибесін зерделеп көрдім. Малайзияда министрлер,Премьер-Министр, орынбасарлары, барлығы төсбелгі тағып жүреді. Көшеде адамдармемлекеттік қызметші келе жатқанын көреді. Ал біз ше? Партия мүшесіекендігімізден қорқамыз ба? Онда шығыңыздар, басқасын таңдап аламыз», - депескертті Елбасы кейбір әкім-қараларға.

Нұрсұлтан Назарбаев әкімдердің жергіліктіжердегі «Nur Otan» филиалының төрағасы болып отырғанымен партияжұмысына жете көңіл бөле бермейтіндігін ашық айтты.

«Қазір әкім мен фракция төрағасы бір адам болғанкезде тәртіп болмайтындығы айтылуда. Бөлу қажет. Мен қазақтың жағдайын білемінғой. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды. Содан тағы келіспеушіліктертуындайды. Ал егер оны жасамайық десек, әкімдер неге жұмыс істемейсіздер?Партия өз алдына, менің жұмысым мына жақта өз алдына. Егер ондай болатын болсабер басқа адамға, партияның төрағасы емеспін деп шық», - деді ҚР ТұңғышПрезиденті.

Елбасы тарапынан шенеуніктерге қатысты көтерілгентағы бір сын олардың бұқаралық ақпарат құралдарына қысым көрсетуі төңірегіндеөрбіді.

«Дәстүрлі БАҚ позициясынан айырылып барады. ДәуренАбаев осы мәселе бойынша ойланып, жұмыс жүргізуі керек. «Телефондық құқық» болмауы тиіс. Шенеуніктер редакторларғақысым көрсетеді. Әртүрлі жолдармен сыни материалдардың жолын кеседі. Осыданкейін қоғамдық санада балама шынайылық қалыптасады. «Nur Otan» сол себепті,өзінің ақпараттық стратегиясын қайта қарауы керек. Партиялық БАҚ шынайы әріжедел ақпараттың көзіне айналып, оза жұмыс жүргізуі тиіс. Ең дарынды адамдардытартып, тиісті айлық төленуі керек», - деді Елбасы.

ЖОО-дағыпарақорлық Қауіпсіздік кеңесінде қаралады

Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресті барынша күшейтуқажеттігіне де айрықша назар аударды.

«Бұл туралы көп айтып келеміз. Сайланған Президентте жақында осы мәселе туралы айтып кеткен болатын. Әлбетте, біз де, агенттік тежұмыс істеп жатыр. Алайда біз бұл күреске халықты тартқан жоқпыз. Сингапурдатәртіп бар: егер мен өз әріптестеріммен бір кабинетте жұмыс істесем, біреужемқорлыққа барғалы жатса, ол туралы мен айтпасам – сол үшін мені жазалайды.Бізде тіпті ондай психология да жоқ», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда партия Көшбасшысы жоғары оқу орындарындастуденттердің сынақ тапсыру үшін пара беруі жиілеп кеткендігіне алаңдаушылық танытып,бұл мәселені университеттерді ішінара іріктеуарқылы тексеруге тапсырма берді.

«Көптеген жоғары оқу орындарында емтиханды ақшалайсыйлықақыға тапсыратындығын барлығымыз да білеміз. Оқуға түсетін кезде болғанынбілетін едік. Әдетте сессия кезінде сынақ пен бағаны сатып алатын еді.Студенттерге жатақханада орындарды бөлу, басқа да өмірлік проблемаларды шешубарысында пара беруге мәжбүрлейді. Бұл жастар тарапының барынша наразылығын туындатады.Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде Қауіпсіздік кеңесіне арнайы топтарменбірге университеттерді ішінара іріктеп алып, осы мәселені зерделеуді және оныҚауіпсіздік кеңесінің талқылауына шығаруды тапсырамын», - деді Елбасы.

Саясикеңес Бюросындағыөзгерістер, жаңа фракция жетекшісі

Кеңейтілген отырысты қорытындылай келе ҚР ТұңғышПрезиденті партияның Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгеріс енгізуді ұсынды.

«Бұрын айтқанымдай, халыққа барынша жақын болукерек. Шенеунікке тән сипаттан арылған жөн. Жастарға қолдау білдіріп, әсіресе,ауыл жастарын қолпаштап, интеллигенциямен тұрақты диалогты жолға қойған абзал.Сол себепті, Саяси кеңес Бюросының құрамына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев мемлекеттік қызметке өтті. Оған сәттілік тілепқоялық. Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов мемлекеттік қызметке барып, министр атанды.Оған да рахмет!», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы сөзін жалғастыра келе, Бюро құрамынан шығыпқалған мүшелердің орнына «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарматөрағасы Дархан Қуандықұлы Қыдырәлімен «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібектіенгізуді ұсынды. Ұсынысты партияластары бірауыздан қолдады.

Айта кетерлігі, осы жиын барысында Елбасы партияныңМәжілістегі фракциясын күшейту мәселесіне айрықша назар аударды және оныңшешімдер қабылдау барысындағы салмағын арттырып, беделін нығайтып, тегеуірініннықтай түсу үшін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин басқаруы тиіс деген ойынжеткізді.

«Исімбаева (ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan»партиясы франкциясының жетекшісі Гүлмира Исімбаева) басқаратын бүгінгі фракцияжаман жұмыс істеп жатқан жоқ. Бірақ, әлемнің басқа елдерінде бар ережеге арқасүйей отырып, біздің Мәжілістегі фракциямыздың жетекшісі лауазымына Мәжілістөрағасы Нұрлан Нығматулиннің кандитатурасын ұсынамын, егер ол қарсы болмаса.Ол партия жұмысын күшейтіп, Мәжіліс спикері ретінде фракция жұмысын жұмылдыраалатындығына сенімдімін», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар