ЖОО-ларда оқу ұзақтығы қысқарады

АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрлігі Үкіметке жоғары оқу орындарында оқу ұзақтығын қысқартуға қатысты ұсыныс енгізді. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында аталған ведомство басшысы Саясат Нұрбек айтты.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

- 4 жыл ұзақ саналатын белгілі бір мамандықтар бар. Шынымен де ІТ, жасанды интеллект сынды мамандықтарды оқу мазмұны тым өзгереді. Сондықтан да қазіргі уақытта біз Үкіметке қолданбалы бакалавриат форматында жоғары оқу орындарында оқудың қысқарған формасын ұсындық. Қазіргі уақытта колледждерде пилоттық форматта іске қосамыз. Студент колледжден қолданбалы форматта нақты мамандық алып шығады. Бакалавриат деңгейі саналады. Бірақ, оның мазмұны да, оқу процесі де қысқа, - деді министр.

Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарында оқу ұзақтығы қысқартылып, жаңа форматы пайда болатын нақтылай түсті.

- Оған қажетті нормативтің база қазірдің өзінде дайын. Пилоттық жобаны тестілеуден өткіздік, - деді ол.

Айта кетейік, биыл жасанды интеллект университеті студенттерді оқытуды бастайды.