Естеріңізге сала кетейік аталмыш конкурсқа 86 оқу орнынан 1000 үміткер қатысты. Бұлардың арасынан 42 жоғарғы оқу орнының 200 оқытушысы грант иегері атанған еді. Байқауға қатысқандардың 68 пайызы - ғылым докторлары мен профессорлары, қалғандары ғылым кандидаттары мен PhD докторанттар. Грант иегерлері шетелдік университеттерде: Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Бельгия, Польша, Чехия, Венгрия, Швеция, Австрия, Болгария, Литва, Латвия, Ресейде тәжірибелік өтілімнен өтуге мүмкіндік алады.
Сондай-ақ, грант иегерлері бір жыл көлемінде шетелге ғылыми тақырыптары төңірегінде халықаралық және республикалық конференциялар, симпозиум, конгресс, семинарларға қатыса алады.