Жолдауда Елбасы жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетінін атап өтті.
«Мен Қазақстанның жоғары білім саласында, оның ішінде топ-менеджер қызметі бойынша 2 жыл жұмыс істеймін. Айтпағым, әлемнің үздік университеттерінің үздік топ-менеджерлері мен оқытушы, профессорларын бір жерге жинақтап олардың озық тәжірибелерін қолдану бұл әлемдік қолданыста бар және тиімді әдіс. Бұл тұрғыда Қазақстанның ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы тәжірибесі көш ілгері. Мен жұмыс істейтін Еуразия ұлттық университетінде алыс та жақын шетелден келген түрлі білікті мамандар жұмыс істейді», - дейді Талал Аввад.
Президент жолдауы барысында жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажеттігін, яғни нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс екенін нақты атап өтті. Елбасы Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнатудың маңыздылығына тоқталды.
«Біз Қазақстан жастарына білім беріп қана қоймай, өзара тәжірибе алмасамыз. Н. Назарбаевтың жоғары білімде ең бастысы сан емес сапа екенін, яғни ЖОО бәсекеге төтеп бере білуі және өз түлектерінің жұмыспен қамтамасыз етілуін қадағалау керектігін атап көрсетті. Одан бөлек қазақ көшбасшысының Назарбаев Университетінен бөлек тағы бір ЖОО құру туралы идеясы ерекше ұнады», - деді ол.