«Қазіргі кезде оқу орнын тәмамдағандардың жұмысқа тұруы мониторингі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының зейнетақы аударымдары негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП Министрліктің тапсырысы бойынша жыл сайын жоғары оқу орындарының 2000 білім беру бағдарламасы бойынша рейтинг жүргізеді. 2023 жылғы рейтингте 2022 жылы оқуды аяқтаған түлектердің жұмысқа орналасу бойынша деректері талданған. Талдау қорытындысында олардың 83 пайызы жұмысқа орналасқандығы анықталған», - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Сонымен қатар комитет ЖОО түлектері диплом алған соң қай мерзімде жұмыс табатынын нақтылады.
«2023 жылы жасалған білім беру бағдарламаларының рейтингінің қорытындысы бойынша түлектердің диплом алғаннан кейінгі жұмысқа орналасуының орташа ұзақтығы 2,5 айды құраған», - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.