«Жастар жылының ашылуына сөз сөйлеген Мемлекет басшысы жұмыс- бұл адамның әл-ауқатының негізгі көзі екендігін айтқан болатын. Сондықтан біздің Жол картамызда жастардың еңбек ынталандыру мәселесін, жұмысқа орналасып, еңбекпен айналысуына жағдай жасауға айрықша мән берілген», - деді ол.
Оның атуынша, бұл үшін елорданың барлық сауда ойын-сауық орталықтарында Жастарға көмек көрсетуорталықтары ашылатын болады. Аталған орталықтарда жастардың мемлекеттік қолдау шараларымен танысып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін зерделеуіне барлық жағдай жасалады.
«Осы бағыт аясында біз елордалық жоғары оқу орындары түлектерінің бірыңғай мәліметтер базасын әзірлейтін боламыз. Ол әрбір әлеуетті жұмыс беру үшін ашықтүрде қолжетімді жасалады», - деді Данияр Есин.