Жошы хан туралы сериалға кастинг жүріп жатыр

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда Шыңғысханның ұлы Жошы ханның өмірін баяндайтын алты бөлімнен тұратын, толығымен ағылшын тіліндегі деректі драмалық сериалына ашық кастинг жалғасуда. Бұл туралы Karga Seven Pictures компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Туындыны түсіруді Karga Seven Pictures компаниясы Dara Президенттік бастамалары қорымен бірлесіп қолға алды.

Фото: karga7pictures

Сериалдағы рөлдерге үміткерлерден өтінімдерді қабылдау аяқталды. Кандидаттарға қойылатын басты талаптар: жасы 8 жастан 60-қа дейінгі қазақ болуы тиіс, сонымен қатар олардың Орталық Азия немесе шығыс Азиядан шыққаны және ағылшын тілін толық меңгерген болуы тиіс. Бұдан бөлек атқа міне алуы қажет.

Фото: karga7pictures

Жоба әзірлеушілері сериал түсірілімін барынша Қазақстанның жерінде жүргізіп, оған отандық киноиндустрия мамандары мен сарапшыларын қатыстыруға тырысатындарын айтады.

Фото: karga7pictures
Фото: karga7pictures

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда Жошы хан туралы сериалдың түсірілімі жуырда басталатыны туралы жаздық.

Сонымен қатар жуырда Алматыда Шыңғыс ханның тұңғыш ұлы Жошы ханның өмірі мен мұрасына арналған «Жошы хан. Ұлы Ұлыстың билеушісі» атты кітап-альбомның тұсаукесері өтті.