Жойқын дауыл Филиппинде 4 млн адамның өміріне қауіп төндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мангхут деп аталатын жойқын дауыл Филиппиннің солтүстік-шығысында Кагаян провинциясындағы Баггао қаласының астан-кестеңін шығарды, деп хабарлайды ru.euronews.com'>euronews .

Бұл сұрапыл желдің жылдамдығы  сағатына 255 шақырымға жеткен.

4 миллион адам қауіп төнген аймақта қалып отыр.

Көптеген электр желілері істен шықты, жүздеген үйлердің шатырларын жел ұшырып әкеткен. Ағаштар құлап жатыр. Көлік қозғалыстары тоқтап қалды. Абырой болғанда, Филиппин билігі дер кезінде мыңдаған тұрғындарды эвакуациялап үлгерді. Оларға алдын ала арнайы жабдықталған орталықтар дайындалды.