Жойылып жатқан жануарлардың саны бойынша Шығыс Азия көш бастап тұр

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Халықаралық табиғатты қорғау одағының жаңа «қызыл тізіміне» сәйкес құрып бара жатқан жануарлардың саны бойынша Шығыс Азия көш бастап тұр.

 Азиядағы аса сирек, жойылуы мүмкін  жануарлардың тізіміне  әлемдегі аса улы - корольдік кеңалқым жылан және бирмандық питон кіргізілді. Браконьерлер олардың еті мен терісіне аңшылық жасайды. Жануарлардың бұл екі түрі медицинада жоғары сұранысқа ие, деп хабарлайды утро.ру.