«Қазіргі уақытта ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) және тұмаудың маусымдық көтерілуі жалғасуда. Эпидемиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 3,8 млн жағдайы және тұмаудың 3 234 жағдайы тіркелді», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Оның атап өтуінше, апта сайын орташа есеппен ЖРВИ-дің 160 000 жағдайы тіркелуде.
«Байқап отырғаныңыздай, ақпан айында ауру төмендеген жоқ, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда ауру 30 пайызға артты. Республикадағы эпидемиологиялық жағдай болжамына сәйкес ЖРВИ-мен ауыру сәуірдің аяғына дейін артады және кейін азаяды», - деді вице-министр.
Бұған дейін А.Есмағамбетова 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауына маска киіп баруды ұсынған болатын.