Алматыдағы №1 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, емдеу мекемесінің инфекциялық бөлімшесіне жедел жәрдем көлігімен жедел респираторлы вирусты инфекция белгілерімен аяғы ауыр келіншек келіп түсті. «ЖРВИ-мен түскен 22 жастағы келіншектің екі күнен кейін толғағы келіп, жүктіліктің 34 аптасында кесарь тілігімен босанды.
Айта кетейік, ұрық жамбаспен келді және ұрықтың құрсақ ішілік даму ақауы болды. Дәрігерлердің арқасында дүниеге салмағы 2400 гр, бойы 46см қыз бала келді».- деп хабарлады ауруханадан. Кейін нәрестені неонатолог дәрігерлер дереу өз бақылауларына алып, нәрестені неонатальды хирург кеңесінен кейін, Балалар хирургиясы ауруханасына ота жасау үшін ауыстырды.
Жаңа туған сәбидің құрсақішілік даму ақауына( гастрошизис) неонатальды хирургтармен бір этапты алдыңғы құрсақ қабырғасының пластикалық отасы жасалды.
Қазір нәрестенің жағдайы бірқалыпты. насының босанғаннан (отамен) кейінгі кезеңі асқынусыз өтіп, 5-ші тәулікте үйіне шығарылды.