Айта кетерлігі, бүгін Орталық сайлау комиссиясы ЖСДП-ның Мәжіліс депутаттағына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеген болатын. Осы іс-шарадан кейінгі брифинг барысында БАҚ өкілдері партия төрағасы Асхат Рахымжановтан қазақ тілін қашан үйренетіндігін сұраған еді.
«Әрине, бұл өте байыпты мәселе, онымен айналысып жатырмын. Қазақ тілін тезірек үйреніп алу үшін бар күш-жігерімді саламын. Бұл менің ана тілім әрі тілімді білмейтіндігім өз алдымдағы жеке жауапкершілігігім», - деді партия төрағасы.
Осы ретте БАҚ өкілдері одан «ана тілін білмегеніңіз үшін ұялмайсыз ба?» деп сауал қойды.
«Әрине», - деп ол ұялатындығын білдірді.