заң жобасын талқылау барысында ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Әмірхан Аманбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда республика бойынша Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алмаған азаматтардың саны 700 мың шамасында болып отыр. Ағымдағы жылғы қаңтар айында бұлардың саны шамамен 1 миллион 500 мың адам болатын. Алдағы уақытта құжаттарды алмастыруға қатысты мерзім ұзартылатын болса, халық арасында соншалықты әбігерге түсетіндей жағдай болмайды деп санаймыз. Біз ЖСН-і жоқ жеке куәліктерді ауыстыру туралы үш жыл бойы ақпараттандырып келеміз. Бірақ, соңғы үш айда ғана жұртшылық тарапынан ерекше белсенділік танылып, бұның соңы проблемаға да айналып отыр», деді Ә. Аманбаев.
Оның айтуынша, республикамызда Бизнесті сәйкестендіру нөмірін (БСН) шамамен 200 мыңға тарта заңды тұлға алмаған.