Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлының мұражайына батырдың жеке заттары тапсырылды
19:48, 17 Қаңтар 2011
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Халық жазушысы, аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының туған жері - Жуалы ауданындағы мұражайына батырдың жеке заттары табыс етілді, деп хабарлайды Тараздағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.
«Баға жетпес құныдылықтарды Бауыржан атаның келіні Зейнеп Ахметова жеткізіп берді», - дейді Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорының бас сақтаушысы Элмира Ділдебаева.
Зейнеп Ахметованың айтуынша, Бауыржан Момышұлы халық үшін тарихи тұлға, батыр адам, ал ол үшін, оның жақындары үшін мейірімді де таза жүректі әке, ата болып қалады.