«Баға жетпес құныдылықтарды Бауыржан атаның келіні Зейнеп Ахметова жеткізіп берді», - дейді Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорының бас сақтаушысы Элмира Ділдебаева.
Зейнеп Ахметованың айтуынша, Бауыржан Момышұлы халық үшін тарихи тұлға, батыр адам, ал ол үшін, оның жақындары үшін мейірімді де таза жүректі әке, ата болып қалады.