Жуалыдан ежелгі адамның бас сүйегі табылды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Жуалы ауданында археологиялық қазба жұмыстары кезінде ежелгі адамның бас сүйегі табылды ,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандар оны 2-1 ғасырларға жатқызып отыр. Оның ернемесе әйел адам болғанын және нақты жасын украиналық ғалымдар анықтамақ. Олүшін арнайы зертханаға бас сүйектің тісі жіберілді.

«Үш метрлік тереңдіктен адамның басы шықты. Басқа сүйектері жоқ.Алғашқы кезде дән үгетін тастар, құмыраның сынықтары, бүтін құмыралар да шықты.Ашылып, түгел қазылып бітіп жатса, бұл енді жалғыз біз емес, бүкіл Қазақстанғаүлкен мақтаныш болар еді. Бұдан 2 мың жыл бұрын өмір сүріп кеткен халықтардыңтұрмыс-тіршілігі туралы білуге болады»,- дейді қазба жұмыстарына қатысушы АлғанӘлиев.

Айта кету керек, көне Бурно-Октябрь қалашығынархеологиялық зерттеу кезінде 3500-ге тарта жәдігер табылған. Арасында қышыдыстардың сынықтары, қол диірмен, қоладан жасалған май шамдар бар. Қазірархеологтар екі бөлменің орнын тауып, зерттеп жатыр. Оның біреуі қаз қалпындасақталған.

«Қабырғалары бүлінбеген. Тіпті бөлменің төбесі десақталған. Күмбез тәрізді. Міне қараңыз, мынау қабырға, әрі қарай кірпіштеркөлденең емес, шырша сияқты қаланған. Толықтай тазарттық. Бөлме әдейі көмілген.Неге десеңіз, бұл жердің көне тұрғындары нысанды жәй ғана тастап кетпеген. Олармұнда қайта келуді көздеген»,- дейді археолог Ескендір Төребеков.

Соңғы жаңалықтар