«Жуан қарынды» полиция қызметкерлерінің жалақысы қысқартылады

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Дене шынықтыру бойынша сынақ тапсыра алмаған британдық полиция қызметкерлері тәртіптік және ақша өндіріп алу жауапкершілігіне тартылулары тиіс.

Бұл туралы Ұлыбритания Үкіметінің тапсыры бойынша дайындалған баяндамада мәлім болды, деп хабарлады Reuters агенттігі.

Зерттеу жұмыстарына сәйкес, Лондонда қызмет ететін полиция қызметкерлерінің 64 пайызы артық салмақпен немесе семіздіктен зардап шегеді. Ендігі жерде «жуан қарынды» полиция қызметкерлері жалақыларының 8 пайызынан айырылулары әбден мүмкін, аталмыш саладағы кейбір мамандар үшін бұл жылына 3 мың фунтты құрайды.