Жұбан ақынның туған жерінде тәу-тұғыр орнатылып, ауыл клубы қайта ашылды

None
ОРАЛ. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылында ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығына орай тәу-тұғыр орнатылып, клуб ғимараты қайта ашылды.

Ақын мерейтойына арналған шаралар оның туған жерінде жыл бойы жалғасып келеді. Осыған дейін ауыл кітапханасы күрделі жөнделсе, енді, міне, клуб қайта түледі. Бұған «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес облыстық бюджеттен 48,56 млн. теңге қаралып, 55 адам жергілікті жерден тартылды. Ал тәу-тұғыр Жұбан елі азаматтарының демеушілігімен бой түзеді. Шаңырақ іспеттес тәу-тұғырдың маңдайшасында атақты «Мен қазақпын» дастанынан үзінді жазылған.

Жұбан тойы өңірде одан әрі жалғасуда.