Оның айтуынша, А гепатиті – бауырды зақымдайтын жедел вирусты ауру. Ол негізінен ауру адамнан жұғады.
– А гепатиті вирусы науқас адамның нәжісімен бөлініп шығып, физикалық және химиялық әсерлерге төзімді болғандықтан, ұзақ уақыт қоршаған ортада сақталады. Лас тағам мен суды пайдаланғанда немесе ауру жұқтырған адаммен тікелей қарым-қатынаста болғанда, лас суларда шомылғанда және жеке бас гигиена ережелерін сақтамаған жағдайларда ауру жұғады, - деді Алматы қаласының Бас санитариялық дәрігері.
2026 жылдың 4 айында мегаполис тұрғындары арасында А гепатитінің 21 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 7 жағдай (33,3%) – 14 жасқа дейінгі балалар, 1 жағдай (4,7%) – жасөспірім, 13 жағдай (61,9%) – ересектер арасында болған. Қасымхан Алпысбайұлы 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауру жұқтыру көрсеткіші 3,3 есеге төмендегенін атап өтті.
– Науқастардан алынған сауалнамаларға сәйкес, инфекцияның негізгі таралу жолдары: күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынас (14,2 %), сапасыз жуылған көкөністер мен жемістерді тұтыну (38%), жеке бас гигиенасының ережелері дұрыс сақталмауы (47,6%), - деді ол.
Сонымен қатар Қасымхан Алпысбайұлы бүгінде вирусты А гепатитінің алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация екенін еске салды. А гепатитіне қарсы екпе жоспарлы түрде екі рет 2 жастағы балаларға және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 14 жасқа дейінгі балаларға тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда тегін жүргізіледі.
Еске салайық, АҚШ-тың жеті штаты лайнердегі хантавирус жұқтырған жолаушыларды бақылауға алды.