Жол апаты Қарғалы шағын ауданындағы Қасымтәжиев көшесінде болған. КамАЗ солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Рульге ие бола алмай қалған жүргізуші бірнеше электр бағанын құлатып, плиталарды қиратып, бірнеше үйдің қоршауын бұзған. Сонымен қатар жүк көлігі сол бағыттағы Mazda көлігін де соғып өткен. Кейін бетон бағанаға тіреліп тоқтаған.
Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі зардап шекті. Жүк көлігінің тежегіші істен шығуы мүмкін деген болжам бар. Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.