Жүк көлігі қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат —Алматыда жүк көлігі қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша жол апаты 8 наурызда сағат 15:10 Саин және Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.

«1989 жылы туған жүргізуші КамАз жүк көлігімен Шаляпин көшесімен шығысқа бағыт алған. Саин көшесіндегі 24-ші үйге қарама-қарсы жерде 55-60 жас шамасындағы әйелді қағып кетті. Жол оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды»,-деді мамандар.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабымен (жол ережесін бұзу, абайсызда адам өлімін болыру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, тиісті сараптамалар тағайындалған.


Соңғы жаңалықтар