Жүк көлігі мен автобустың соқтығысуы салдарынан 20 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Гаитиде іші адамға толы автобус пен жүк көлігі соқтығысып, кем дегенде 20 адам қаза тапты.

Prensa Latina   агенттігінің хабарлауынша, ондаған жолаушы ауыр жарақаттанған. Келеңсіз оқиға елдің солтүстігіндегі  Артибонит департаментінде тау беткейінде орналасқан Монте-Лакрет елді мекенінде орын алған. Зардап шеккендер таяу маңдағы медициналық пункттерге жеткізілді.