Жүк машинасы ғимарат қоршауы мен оқ өткізбейтін арнайы экранды бұзып өтіп, сатымен бірнеше баспалдаққа дейін көтеріліп барып, ғимарат кіре берісіне тоқтаған. Ел президенті Ма Инцзю оқиға болған сәтте кеңсесінде болмаған, ол қазір Африка елдерінің бірінде ресми іссапармен жүр. Президенттің баспасөз қызметі ел басшысы болған оқиға жайынан хабардар деді. Сондай-ақ, олар орын алған жайтқа байланысты қауіпсіздік шараларының күшейтілгенін мәлім етті. Жарақат алған жүк машинасының жүргізушісі Чанг ауруханаға жеткізілді. Ол бұрыннан бері полиция қызметкерлерінің назарында жүрсе керек. Әзірге Тай елінің құқық қорғау органдары көлік жүргізушісінің бұл іс-әрекетінің себептері туралы ресми түрде түсініктеме берген жоқ. Ал бейресми дерек көздеріне сүйенсек, алдын ала болжам бойынша, Чанг машинасын президенттің жұмыс ғимаратына әдейі соққан. Қазір оқиға себепкері тергеушілердің сұрақтарына жауап беруден бас тартып отыр.
11:36, 25 Қаңтар 2014
Жүк көлігі Тайвань президентінің кеңсесін бұзып кірді
АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Тайвань президентінің әкімшілігі ғимаратына 35 тонналық жүк машинасы келіп соғылды, деп хабарлайды Лента.ру Agence France-Presse-ке сілтеме жасап.