Жүк көлігінің ұшып кеткен доңғалағы бүлдіршіннің ажалына себеп болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанның Туймазин ауданында жүк көлігінің доңғалағы шығып кетіп, баланы басып кетті, деп хабарланды сенбі күні республика бойынша Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясы басқармасының сайтында.

МЖҚҚИ деректеріне қарағанда, 18.45-те Уфадан Самараға бара жатқан жолда тіркемесі бар "Вольво" жүк автомобилінің артқы дөңгелегі ұшып кеткен.

«Доңғалақ өз екпінімен қозғалысын жалғастырып, бір жеңіл машинаға соғылған одан соң жолдан 40 метрдей шығып кетіп, 3 жастағы бүлдіршін мен оның әкесін басып кетті, делінген хабарламада.

Бала оқиға орнында мерт болды, оның әкесі Октябрьский қаласындағы ауруханаға жатқызылды.