Жүк көлігінің жүргізушісі автомобиль рулінде есінен танып қалған адамды құтқарды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Норфолктен шыққан  күре жолдардың бірінде  жүк көлігі  мен өзге де автомобиль жүргізушілері рульде есінен танып қалған ер адамды құтқарды. 

Бұл сәт осы жолмен кетіп бара жатқан бір машинаның видеотіркегішіне түсіп қалған.

Норфолкте,  Дерхэмнің маңында  А47 трассасымен келе жатқан Рассел Даглесс фургон руліндегі ер адамның есінен танғанын көріп қалған. Бейнежазбадан оның басқарусыз қалған машинасының жылдамдығын бәсеңдетпек болып, рульге етпеттей жабысқаны көрініп тұр.

Өз өмірін қауіпке тіккен Даглесс бейтаныс жанды ажалдан арашалап қалды. Өзге автомобильдерден да адамдар жүгіре шығып көмектесті.

Әлгі адамның аяқ астынан қысымы көтеріліп, есінен танғаны анықталды. Оның бақытына орай көмек қолын созған жандардың ішінде өрт сөндіруші мен фельдшер бар болып шықты. Олар алғашқы медициналық жәрдем  көрсетті.

 

Соңғы жаңалықтар