Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде өткен «Көліктік бақылау: бүгін және ертең» тақырыбындағы «дөңгелек үстелдің» жұмысы барысында Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әділет Барменқұлов хабардар етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, аталған жүйенің негізінде жүкті тасымалдау ережелерін бұзған көлік құралдарын қозғалыс кезінде анықтап, оны кезекті көліктік бақылау бекетінде тоқтату қарастырылған. «Осының арқасында біз республикалық маңызы бар жол тораптарындағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, тексеріс кезіндегі көлік кептелістерін туғызбаймыз», - дейді Ә.Барменқұлов.
Жиын барысында комитет төрағасы депутаттар мен мемлекеттік органдардың басшыларын аталған жүйені енгізуді қолдауға шақырды.