Жүк тасымалдайтын вагондар жеткілікті – Марат Қарабаев
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан локомитивтердің тозу деңгейі 61 пайызды құрады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті.
- Шет ел аумағында терминалдарды қалыптастыру мәселесімен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы айналысып жатыр. Бұл компанияның ел ішінде де шешілуді талап ететін өзекті мәселелері бар. Олардың бірі – жеткілікті локомотив паркін жасақтау. Қазіргі уақытта паркте 1 мың 807 локомотив бар. Тозу деңгейі – 61%. Естеріңізде болса, 2022-2023 жылдары локомотивтердің жетіспеушілік фактілері болды. Олардың қажетті санын қамтамасыз ету мақсатында былтыр 113 және биыл 185 локомотив сатып алынды, - деді М. Қарабаев.
Оның айтуынша, алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі, бұл тапшылықты толығымен жоюға және тозу деңгейін 61%-дан 44%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
- Вагон паркіне келетін болсақ, Қазақстан темір жолы тарапынан 3 мың ашық вагон және 2 мың платформа қосымша сатып алынып жатыр. Бұл ретте, нарықта 300-ден аса жеке оператор бар, олардың балансындағы 140 мыңға жуық жүк вагоны жүріп тұр. Бұл парк қажет тасымалды толық қамтамасыз етуге жеткілікті, - деді министр.
Бұған дейін Қазақстанда дизель локомотивтерінің өндірісі 2 есе өскенін жазған едік.