Жүк тасымалы 9,8% артты
АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында Қазақстан Республикасында жүк тасымалының көлемі 753 млн тонна болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8% артты.
Барлық көлік түрі арқылы жүк пен багаж тасымалдаудан түскен кіріс 3,7 млрд теңге болды.
Өңірлік тұрғыда 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында жүк айналымының өсімі Астана (15,2%) мен Алматы қалаларында (1,5%), Атырау (47,8%), сондай-ақ Жетісу (41,1%) және Абай (30%) облыстарында байқалды.
Көлік түрлері бойынша ең үлкен жүк тасымалы теміржол көлігіне тиесілі — 300,3 млн тонна, бұл 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 11,4% көп.
Автомобиль көлігімен тасымал көлемі де 1,8% өсті.
Қомақты өсім құбыр арқылы тасымалдауда да байқалды — 228,1 млн тонна, бұл өткен жылдың деңгейінен 16,5% жоғары.
Әуе көлігі арқылы 19,1 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5% артық.
Теңіз және жағалау көлігі де өсім көрсетті — 30,6%, 2025 жылдың 8 айында 2 485,5 мың тонна жүк тасымалданды.
Айта кетелік Транскаспий дәлізі арқылы жүк тасымалы 10 млн тоннаға дейін ұлғаяды.