Бақылау іс-шаралары елдің «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Астана – Петропавл», «Омбы – Павлодар – Семей – Майқапшағай» және «Қызылорда – Жезқазған» сияқты негізгі көлік дәліздері мен автомобиль жолдарында жүргізіліп жатыр.
Рұқсат етілген салмақ параметрлерінен асып түсетін жүк тасымалының жолын кесуге ерекше назар аударылады. Өйткені көлік құралдарының шамадан тыс жүктелуі жол төсемінің бұзылуын жеделдетіп, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Сонымен қатар министрлік Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарымен бірлесіп, рұқсат етілген салмақ параметрлерінен асып кеткені үшін жауапкершілікті күшейту және ауыр салмақты автокөлік құралдарын бақылау тетіктерін жетілдіру бойынша заңнамалық шараларды қарастырып жатыр.
- Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында көліктік бақылауды күшейту және заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады, - делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, Қазақстанның жүк тасымалдайтын алғашқы Airbus ұшағы қарашада жеткізіледі.