«Жүк тасымалы» АҚ экс-президенті 19 нысанды 188 млн. теңгеге заңсыз сатқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас көлік прокуратурасы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның үшінші тұлғаларға заңсыз сатылған мүлікті қайтару туралы арыздары бойынша сараптама жүргізді.

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматы қ. №2 Жетісу аудандық сотының үкіміне сәйкес «Жүк тасымалы» АҚ бұрынғы президенті  С.Мергенбаев 19 жылжымайтын мүлік нысанын заңсыз сатып, сол үшін ҚР ҚК 182 бабы 3 бөліміне сәйкес сотталды.   

Оның әрекеттері салдарынан мемлекетке 188 млн. теңгеден астам шығын келтірілді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 19 нысанының 15-і сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды, 1 нысан бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.

Шымкент пен Отарда орналасқан қалған 3 нысан (қойма мен жүк бөлімшелері) үшінші тұлғалардың иелігінде болған.

Осыны ескере отыра Бас көлік прокуратурасы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға жоғарыда көрсетілген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша шараларды қабылдау талабымен  ұсыныс енгізілді.

Ұсынысты қарастыру аясында аталған 3 нысан мемлекетке қайтарылды және қазір оны «Жолаушылар тасымалы» АҚ пайдаланып жатыр.