Жүк тасып бара жатқан құмырсқаның суреті ғылыми фотоконкурста жеңді

АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Салмағы өзінен 100 есе артық жүкті тасып бара жатқан құмырсқаның фотосуреті британдық Биотехнологиялық және биологиялық ғылыми зерттеулер кеңесі ұйымдастырған фотоконкурстың жеңімпазы атанды,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Фотосуреттің авторы - Кембридж университетінің зоологиялық ғылымдар докторы Томас Эндлейн. Салмағы 5 миллиграмды құрайтын құмырсқаның 500 миллиграм темірді ұстап тұрған сәтін суретке түсіріп алған ғалым бұл туындысы үшін 700 фунт стерлинг сыйлық алды.

Суретте, құмырсқаға салмағы өзінен бірнеше есе артық жүкті тасуға мүмкіндік беретін оның аяқтарындағы арнайы жастықшалардың қалай өзгеретіні көрсетілген. Ғалымның айтуынша, осы жастықшалар жәндіктерге кез-келген нәрсеге жабысып қалуға мүмкіндік беретін көрінеді. Құмырсқаның осынау қасиеттерін зерттей отырып, ғалымдар желімнің ерекше түрін жасауға ниетті.