АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан өткен Гран-при турнирінде қазақстандық Жұқамырза Шүкірбеков алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, Ж.Шүкірбеков J2 санаты бойынша 90 келіден жоғары салмақта қарсылас шыдатқан жоқ.
Қазақстандық балуан финалда жарыс қожайынын таза ұтты.
Сондай-ақ, әйелдер арасында Зарина Раифова 70 келіден жоғары салмақта J2 санаты бойынша күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстан құрамасы Анталья жарысын 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен қорытындылады
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық балуандардың пара дзюдодан Гран-при турнирінде қос қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).