Айқас он раундқа созылуы тиіс еді, алайда, жетінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті қазақстандыққа берді.
Осылайша, Жүкембаев IBO International дәрежесіне ие болды. Бірінші орта салмақтағы дәреже үшін жекпе-жек «Метрополистегі» бокс кешінің басты оқиғасы болды.
Одан бөлек, Монреальдағы бокс кешінде қазақстандық Абылайхан Хусаинов (5-0, 4 КО) мексикалық Кристиан Аррасоламен (23-13-2, 16 КО) кездесті. Екінші раундта, яғни 2 минут 38 секундта қазақстандық Хусаинов мексикалық Аррасоланы нокаутқа түсірді.