Жуковский - Астана және Жуковский - Алматы бағыттары бойынша әуе рейстері ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің атына Жуковский - Астана және Жуковский - Алматы бағыттарына ресейлік «Уральские Авиалинии» әуе компаниясының бекітілгені туралы РФ СІМ-нен Нота қабылданды.

Биылғы жылдың 26-шы желтоқсаны күні министрлік осы мәселеден Ресейдің авиациялық билігін хабардар етіп, хат жолдады.

Қазақстан мен Ресейдің авиациялық билігі арасындағы келісім аталған бағыттар бойынша тағайындалған екі әуе тасымалдаушы аптасына 7 рейс орындауы мүмкін.