Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау табиғи монополия саласына жатпайды – Бас прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау табиғи монополия саласына жатпайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Уəкілетті органдар (Бəсекелестікті қорғау жəне дамыту агенттігі мен Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі) Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық əлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына (Үкіметтің 30.12.2022 жылғы №1116 қаулысымен бекітілген) сəйкес жүк тасымалы нарығында өз қызметін ұлттық жəне жеке тасымалдаушылар жүзеге асыруына болатынын, олар еркін бəсекелестік жағдайында жүктерді темір жол көлігімен тасымалдайтынын көрсеткен. Бұдан бөлек, аталған органдардың жауаптарына сəйкес жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау нарығы бəсекеге қабілетті болып саналады жəне табиғи монополия саласына жатпайды», - деді Бас прокурор жауабында.