Содан, нағашысының үйіне келіп, оны сыртқа шақырып алады. Екеуінің арасында жанжал туады. Оларды жәбірленушінің жұбайы мен баласы ажыратып, әкелерін үйіне кіргізіп жіберіп, артынан өздері кіріп, есікті ішінен жауып алады.
Ашуланған сотталушы көлігінің артынан өзімен бірге алып келген оқтаулы мылтығымен ашықтан ашық дарбаза сыртынан атады. Салдарынан сол үйдің жүкті келіні мен жас сәбиге оқ тиіп, қайтыс болды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушыға ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 1,6,9-тармақтарымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 20 (жиырма) жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.