«Жүкті әйел вакцина алса, баласында коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет болады. Бірақ оның антиденесі қаншалықты болатыны әр ағзаға байланысты. Бала иммунитетпен дүниеге келеді деп толық айта аламыз», - деді Светлана Сұлтанғазиева.
Сонымен қатар, ол әрбір дәрі-дермек нарыққа шығарда төрт зерттеу фазасынан өтетінін айтты.
«Олар клиникаға дейінгі, еріктілерге, халықтың белгілі бір контингентіне, кейін пост тіркеу кезеңі. Бүгінде бар дәрі-дәрмек, вакциналарда 10 пайызға жуық жанама әсерлері бар. Осы вакцинаның да 10 пайызға дейін жанама әсерлері болады, бас ауруы, екпе салынған жердің қызаруы, дене қызуының көтерілуі. Бірақ оның бәрі 1-2 күнде тоқтайды», - деді дәрігер.