АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақсанда жүкті әйелдерге вакцина салуға рұқсат беріле ме? Бұл сауалға онлайн брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Онлайн брифинг барысында БАҚ өкілдері басқарма басшысына Қазақстанда неге жүкті әйелдерге вакцина салуға рұқсат берілмей отыр? деген сауал қойды.
Өз кезегінде Нариман Табынбаев жүкті әйелдерге вакцина салу туралы Денсаулық сақтау министрлігінен бұйрық келмегенін мәлім етті.
«Ресейде жүкті әйелдерге вакцина салуға рұқсат берілді деген хабар келді, бірақ біздің Денсаулық сақтау министрлігімізден Қазақстанда да жүкті әйелдерге салуға болады деген бұйрықты алған жоқпыз. Ол әлі зерттеліп жатыр», - деді ол.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.