Тергеу кезінде анықталғандай, Дайнел Лэйн бірнеше ай бойы жанындағыларын өзінің екіқабат екенін айтып алдап келген.
Ол ғаламторға өзгелердің ультрадыбыстық тексеру нәтижелерін жариялаған, солайша жұртты өзінің екіқабат екенінен сендірген.
2015 жылы жүкті әйелдерге арналған киімдер сататынын айтып ол өз үйіне Мишель Уилкинсті алдап шақырған. Кейін оған тап беріп, екі ас үй пышағымен оның ішіндегі баласын кесіп алған.
Оған сәбиді өлтірді деген айып тағу мүмкін болмады. Өйткені тергеушілер бала ішті жарып алып шыққанда тірі болғанын дәлелдей алмады.
Сондықтан Лэйнді Мишель Уилкинсті өлтірмек болғаны және оның жүктілігін заңсыз үзгені үшін соттады.