Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық, деп хабарлады Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің баспасөз қызметінен.
Өтініштер республиканың барлық аймақтарынан келіп түскен. Оның ішінде, ең көп көлемде Алматы қаласынан - 54, Ақмола облысынан - 33, Астана қаласынан - 28 өтініш келіп түссе, ең аз көлемде Қызылорда облысынан - 2, Павлодар облысынан - 4, Қостанай облысынан - 7 өтініш қабылданған.
Байқауға қатысушылар ауыл шаруашылығы (мысалы, вируссыз негізде қартоптың ерекше тұқымын өсіріп шығару), энергетика (электроэнергияны тиімді қолдану мақсатындағы жаңашылдықтар), медицина (жабайы дәрілік өсімдіктерден азық-түлік өндіру), технологияларды (жаңа) жетілдіру/енгізу (гидромашина, генератор, т.б.), қалдықсыз өндіріс (кремний өндірісінің қалдықтарынан алюминий алу үшін лигатура өндіруді ұйымдастыру) салалары бойынша инновациялық ұсыныстар жасды.
Естеріңізге сала кетейік, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ байқауға өтініш қабылдауды үстіміздегі жылғы 18 маусым күні бастаған болатын. Байқауды жан-жақты ақпараттандыру мақсатында 2012 жылғы 9 тамыз күні «Инновациялық форсаж» арнайы белгілерімен автобус аймақтарды аралауға аттанды. Бұл шараның мақсаты - байқау жөнінде барлық аймақты жан-жақты ақпараттандыру, әлеуетті қатысушылар санын арттыру, жергілікті орындарда өтініштер қабылдау, қазақстандықтардың инновациялық белсенділігін арттыру. Тамыз айы ішінде автобус 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларын аралап шықты.
Тұңғыш рет NIF$50K байқауы Қазақстанда 2005 жылы өтті. Байқау мақсаты тұрғындардың инновациялық белсенділігін арттырып, инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау болатын. 2010 жылы «Инновациялық форсаж» атауымен байқаудың алғаш рет телевизиялық нұсқасы пайда болды. Биыл телешоу қазан айынан бастап «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.
Байқаудың ережесіне сәйкес, барлық жиналған өтініштер ішінен Сарапшылар комиссиясы 25 үздік инновациялық жобаны іріктеп алады. Үздік жобалардың авторлары телешоу қатысушылары атанады. Сонымен қатар, қатысушыларды Deloitte консалтинг компаниясының кәсіби бизнес-жаттықтырушылары арнайы кәсіпкерлікке баулитын болады. Байқау жеңімпазы 7,5 млн.теңге көлеміндегі грантқа ие болады, 2 орын - 2,5 млн.теңге, 3 орын - 1 млн.теңгені иеленеді.