«Бүгінде бізде баршамыз өмір, денсаулық сыйлаған 1157 бала бар, бұл аз емес. Қайырымды жандардың арқасында он миллиондаған доллар қаражат жинадық! Бұл жұлдызда менің есімім жазылған, мүмкін нышаны да болар... өзімді ыңғайсыз сезінсем де, халық менің алғысымды естуі үшін барлығына да дайынмын» - деп өз ойын білдірді Аружан.
Рәсімді бесінші сынып оқушысы Әмір Исаев ашты. Оның диагнозы цебералды сал ауруы. Дәрігерлердің пессимистік болжамына қарамастан, Әмір би билейді, ән айтады, киноға түседі.
Жұлдызды ашқаннан кейін қатысушылар шараның дәстүріне айналған көңілді селфиге түсті.