«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі Қытайдағы халықаралық кинофестивальде көрсетілді

Фото: None
БЕЙЖІҢ-СИАНЬ. ҚазАқпарат - Сергей Снежкиннің «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында 19-23 қыркүйекте өткен Ұлы Жібек жолының 3-ші халықаралық кинофестивалінде көрсетілді.

Кинофестивальдің ұйымдастырушысы Қытай мемлекеттік журналистика, радио, кино және телевидение бас басқармасы, Шэнси провинциясының халықтық үкіметі, Фуцзянь провинциясының халықтық үкіметі.

   

 «Ұлы Жібек жолы халықаралық кинофестивалі - бұл «Бір белдеу, Бір жол» елдері үшін шынымен елеулі оқиға. Қазақстанның бұл шараға  қатысуы дәстүрге айналуда. Ұлы Жібек жолының халықаралық кинофестивалі  - бұл  өз еліміздің мәдениетін көрсетуге, оны барша әлемге таныстыруға тағы бір мүмкіндік», - деді фильм көрсетілмер алдында Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Андрей Хазбулатов.

   

Ұлы Жібек жолы халықаралық кинофестиваль аясында осы шараны ұйымдастыру комитетімен ынтымақтастық, Сиань қаласында Батыс киносының ірі киностудиясымен Марк Поло туралы деректі фильмді бірлесіп түсіру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Еске салсақ, бұл картина «Елбасы жолы» фильмінің жалғасы саналады.

Соңғы жаңалықтар