Жұлдыздардың соқтығысқаны жайлы бейнеролик көрсетілді
14:24, 08 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колорадо университетінің астрофизиктері Орион тұмандығындағы екі кішігірім протожұлдыздардың соқтығысу іздерін тауып алды. Жарылыс фотосуреті көрсетілген бейнеролик Еуропа оңтүстік обсерваториясының YouTube арнасында жарияланды.
Аспан денелері соққысының күштілігі сондай, одан шыққан энергия көлемін Күннің ондаған миллиард жыл тарататын сәулесіне теңеуге болады. Соқтығыс салдарынан газ, тозаң және өзге протожұлдыздар жарылыс эпицентрінен секундына 150 шақырым жылдамдықпен тарады.