Қыркүйектің 5-іне дейін созылатын бұл шараны "Три аккорда" шығармашылық бірлестігі (Қазақстан), "Арча"клубы (Өзбекстан), Ауған соғысы ардагерлері одағы және Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Ауғанстан соғысы мен басқа да жергілікті дау-жанжалдар ардагерлерінің үйлестіру кеңесі бірігіп ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден қонақтар қатыспақ. Фестиваль аясында "Әскери-патриоттық", "Күз туралы", "Балалар әндері", "Ақын", "Мәнерлеп оқушы" сияқты тоғыз аталым бойынша байқау болады. Оған кез-келген жастағы тек өзінің авторлық шығармаларын орындаушылар ғана емес, сүйікті бард әншілерінің әндерін айтушылар, ақындар және өлең оқушылар қатыса алады. Фестивалдің басты мақсаты - еліміздің ғана емес көршілес өзге елдердің де бард-клубтары мен шығармашылық бірлестіктерінің және барлық авторлық әндер ұнататын қауымның кездесуін ұйымдастыру.
10:38, 03 Қыркүйек 2010
'Жұлдызды аспан-2010' авторлық әндер фестивалі өтеді
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматы облысы Талғар ауданындағы 'Марал-Сай' демалыс үйінде 'Жұлдызды аспан-2010' авторлық әндер фестивалі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.