Жұма күні 8 өңірде жел күшейеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігіантициклон ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жауын-шашынсыз ауа райысақталады. Тек Қазақстанның батысы, оңтүстік-батысы және шығысында атмосфералықфронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейеді,бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі,шығыста – дауыл.

Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл,Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желкүшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлердешаңды дауыл тұрады.

Павлодар облысының кейжерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін, Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрып,бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысындатүнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Алматы, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында аптапыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Жамбыл, Атырау, Маңғыстау,Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстықкүтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл,Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупісақталады.