Жұма күні ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 5 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы  облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.