«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ күтіледі. Атырау облысының жекелеген аумақтарына тұман басуы ықтимал.
Күндіз Жамбыл, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, кей жерлерде тұман болжанады.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде және күндіз Қарағанды, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі.